қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.04.2025

Абай университетінде Миддлбери колледжі және америкалық университет өкілдерімен кездесу өтті


2025 жылғы 2 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (ҚазҰПУ) университет басшылығының Миддлбери колледжі және бірқатар америкалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен ресми кездесуі өтті. Іс-шара ҚазҰПУ-дың халықаралық ынтымақтастықты нығайту және интернационалдандыру үдерісін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.


Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың болашағын, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін дамыту, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.


Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгуль Искакова, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева, Миддлбери колледжі және америкалық университеттердің өкілдері: Миддлбери колледжінің Қазақстандағы филиалының басшысы Нана Цихелашвили, Қазақстандағы Миддлбери колледжі филиалының бағдарлама үйлестірушісі Анна Мельникова, Гриннелл колледжінің кампустан тыс оқу директоры Алисия Стэнли, Гарвард университетінің Халықаралық білім басқармасы директорының орынбасары Николь Гарсия, Уэллсли колледжі директорының халықаралық зерттеулер жөніндегі орынбасары Кэти Сайбара, Тафтс университетінің аға оқытушысы Марина Аптекман, Вашингтон және Ли Университетінің стипендия жөніндегі директорының көмекшісі Даллас Татман, Уитон колледжінің орыс тілі кафедрасының доценті Франсуаза Россе, Барнард колледжінің халықаралық бастамалар және арнайы жобалар жөніндегі проректорының орынбасары Джорджио Димауро, Уэслиан Университетінің Ресей, Шығыс Еуропа және Еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті Роман Уткин, Амхерст колледжінің музыка профессоры Джефферс Энгельхардт, Миддлбери колледжі директорының көмекшісі және Қазақстан бойынша кеңесшісі Сюзан Парсонс, Миддлбери колледжінің университеттермен байланыс жөніндегі қызметкері Эйса Уотерворт қатысты.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, академиялық бағдарламалар мен оқытушылар құрамының өзара әрекеттестігі, сондай-ақ ҚазҰПУ студенттері үшін шетелдік тағылымдамалар мен академиялық алмасу мүмкіндіктері талқыланды.


Кездесуден кейін қонақтар Абай атындағы ҚазҰПУ музейі мен университет кампустарына экскурсия жасап, оқу орнының инфрақұрылымымен танысты.


Бұл кездесу Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін маңызды қадам болды. ҚазҰПУ алдағы уақытта да халықаралық серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ниетті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=