![]()
04.04.2025 «Харассментсіз әлем - бізден басталады» тақырыбында психологиялық кинотеатр өтті 2025 жылдың 1-4 сәуір аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психологтары «Харассментсіз әлем - бізден басталады» тақырыбында жатақхана студенттерімен «ПсихоКадр» психологиялық кинотеатрын ұйымдастырды.
Психологиялық кинотеатрдың мақсаты - студенттерді харассмент ұғымымен тереңірек таныстыру және білім алушылар арасында харассментке ұшырау фактілерінің алдын алу болып табылады.
ПсихоКадр барысында мазмұнды бейнероликтер көрсетілді. Бірінші бейнеролик күнделікті өмірде кездесетін харассмент жағдайларын көрсетіп, оның қоғамдағы өзектілігін түсіндіреді. Бұл видео арқылы студенттер харассменттің қандай түрлері бар екенін және оның күнделікті өмірде қалай көрініс табатынын жақсырақ түсінеді.
Екінші бейнеролик харассменттің құқықтық жағын түсіндіреді. Онда оның заңсыз әрекет екені, қандай жауапкершілік қарастырылатыны және жәбірленушілер қандай құқықтық шараларды қолдана алатыны баяндалады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі және заңнамалық негіздер туралы айтылады. Бейнероликтерді талқылау өзара сенім мен ашықтық жағдайында өтті. Іс-шара соңында студенттер бейнероликтерді көруден алған сезімдерімен бөлісті, харассментті алдын алудың тиімді жолдарын талқылап, сұрақтар қойып, тақырып бойынша қорытынды жасады.
Психологиялық кинотеатрға университетіміздің № 1, 2, 3 және 8 жатақханаларынан 70-тен астам студенттер қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |