қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2025

ҚазҰПУ студенттері тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды


2025 жылдың 22 наурыз - 4 сәуір күндері аралығында Орал қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетіндегі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

Атап айтқанда:

Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Аяна Исахан тоғызқұмалақтың «классика»,«рапид» және «блиц» түрі бойынша I орынды алса, Елдар Дәкен «рапид» және «блиц» түрі бойынша ІІІ орынды иеленді. Ал Ердәулет Джанабилов «рапид» түрі бойынша ІІ орынды, «блиц» түрі бойынша ІІІ орынды жеңіп алды.

 

Абай университеті білім алушыларының бұл жетістігі - оқу ордасында спорттық бағыттағы білім мен тәрбиеге ерекше көңіл бөлінетінінің айқын дәлелі.


Құттықтаймыз!

 

  alt=