![]()
07.04.2025 «Білім беру процесін жаңғыртуда жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары» атты халықаралық семинар 2025 жылғы 4 сәуірде Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледжінде «Білім беру процесін жаңғыртуда жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары» атты халықаралық семинар өтті. Семинарға Қазақстан мен шетелдің жетекші педагогтері, зерттеушілер мен инновациялық жобалар өкілдері қатысты. Іс-шара аясында қатысушылар білім беру саласындағы заманауи трендтер мен тәсілдер бойынша тәжірибе алмасып, жасанды интеллекттің оқу процесіне ықпалына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Семинардың мақсаты - білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы педагогтердің ғылыми-теориялық және практикалық құзыреттіліктерін дамыту.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D01301 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанттары Жанкушков Бауыржан мен Таипова Зульфия семинарға спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара аясында интерактивті сабақтар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар жасанды интеллектті білім беру жүйесінде қолданудың нақты әдістерімен танысты. Семинар қорытындысында жасанды интеллекттің білім беру процесін жаңғыртудағы рөлі мен маңыздылығы ерекше атап өтіліп, мұғалімдердің жаңа технологияларды күнделікті тәжірибеде тиімді қолдануына жол ашатын ұсыныстар жасалды.
|