Цифрлық ортада мектеп жасына дейінгі ересек балалардың киберқауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру
2025 жылдың 7 сәуірінде «Ғылым апталығы - 2025» аясында «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Жанна Асанханова, жетекшілері Ұлбосын Кыякбаева, Асем Булшекбаевамен «Цифрлық ортада мектеп жасына ересек балалардың киберқауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында Медеу ауданы, №107 бөбекжай-балабақшасында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг мақсаты - цифрлық технологияларды белсенді қолдану жағдайында мектеп жасына ересек балалардың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдістерімен таныстыру және тәжірибе алмасу.
Іс-шара аясында педагогтердің сауалнама алынып, балалардың интернетте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту жолдары, киберқауіптерден сақтандырудағы ойын технологияларының рөлі, тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының маңызы, балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру әдістері қарастырылды.
Іс-шара соныңда киберқауіпсіздік негіздері тақырыбында тәрбиешілерге жадынама таратылып, тәрбиешілермен кері байланыс жұмыс жүргізілді. Балабақша меңгерушісі Майя Нусипалиева ризашылығын білдіріп, болашақта жалғасын табуға ниетін білдірді.
Бұл семинар - тренинг мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болды.



