Ғылым апталығы аясында «Ашық кітапхана» көрмесі ұйымдастырылды
2025 жылдың 7-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым апталығы аясында «Ашық кітапхана» көрмесі ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан шараның мақсаты - қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, оның рухани мұрасын кеңінен насихаттау және әрбір оқырманға жақын таныстыру болды.
Ғылым апталығы аясында оқу залдарында (Төле би 86, Қазбек би 30, Жамбыл 25) арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар Абайдың ұлы мұрасын тереңірек түсінуге, оның шығармашылығына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
«Ашық кітапхана» күндерінде келушілерді не күтіп тұр?
Абайдың шығармаларына арналған арнайы кітап көрмесі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты ең құнды кітаптар мен ғылыми зерттеулер ұсынылады.
Ғылыми-танымдық фильмдердің көрсетілімі: «Абай Құнанбаев» (деректі фильмдер топтамасы)
Абайтану бойынша дәрістер мен лекциялар: Абай Құнанбайұлының философиясы, ақындық мұрасы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы қызықты дәрістер мен баяндамалар.
Кітапхана қорынан әдеби талқылаулар: Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талқылап, ақынның ой-толғамдарына терең үңілуге мүмкіндік беріледі.
«Артық білім кітапта...» атты кітапхана түні: Бұл түнде біз Абайдың даналығын тереңірек ұғынып, оның әдеби мұрасы мен өнегесін насихаттау.
Ашық диалогтар мен пікірталастар: Абайдың шығармаларының қазіргі қоғамға, білімге және мәдениетке қалай әсер еткенін талқылайтын кездесулер ұйымдастырылады.
Мақсатымыз - Абай шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ғылыми ізденістерге жол ашу. Әрбір қатысушы Абайдың терең ойлары мен ұлылықтарын өз жүрегінде сезініп, оның мұрасынан күш ала алады.
Бұл күндері сіздерді кітапхана есігі ашық! Әрбір қатысушының рухани жан дүниесіне ұлы Абайдың ғибраты жетіп, қазақ әдебиетіне деген құрмет пен махаббатты арттыру мақсатында үлкен шара өтеді.
Қатысып, Абайдың шығармашылық мұрасына терең үңіліп, оның өмірінен ерекше әсер алып қайтыңыз!

