қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2025

«Шеберлік шыңында» атты шығармашылық кеш өтті


2025 жылдың 7 сәуірінде Ғылым апталығы аясында халық музыка аспаптарын жасаушы, Қазақстанның белгілі шебері, ҚР «Мәдениет қайраткері», «Еңбек даңқы» орденінің иегері, профессор Жолаушы Тұрдығұловтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Шеберлік шыңында» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.


Шараның мақсаты ұлттық қолөнерді насихаттау, жас буынға халық аспаптарын жасау өнерін таныту және профессор Жолаушы Тұрдығұловтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау болды.


Кеш барысында шебердің өнер жолындағы жетістіктері мен ұлттық мәдениетке қосқан үлесі кеңінен насихатталып, оның қолынан шыққан бірегей аспаптар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, студенттер мен қонақтар үшін шеберлік сағаттары мен аспап жасау өнерінің қыр-сыры таныстырылды.


Бұл тек бір тұлғаның мерейтойы ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнердің, ғылым мен мәдениеттің тоғысқан сәті. Бұл кеш - қазақ халқының музыкалық мұрасын сақтауға, дамытуға және жаңа ұрпаққа жеткізуге өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға деген терең тағзым. Оның қолынан шыққан әрбір аспап - жанды туынды, ғасырлар қойнауынан жеткен үн, ұлттық рухтың көрінісі.


Бұл шара ұлттық өнерімізді ұлықтап, келер ұрпаққа мәдени мұрамызды жеткізудің жарқын үлгісіне айналды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=