қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2025

Open talks: шәкіртсіз ғалым – тұл


2025 жылғы 9 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылым департаментіне қарасты Жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен Ғылым апталығы аясында «Оpen talks: шәкіртсіз ғалым - тұл» тақырыбында ашық дәріс өтті.


Дәріске университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар мен постдокторанттар қатысып, пікірталасқа белсенді араласты.


Ғылым мен дәстүрдің, технология мен руханияттың өзара сабақтастығын көрсеткен мазмұнды әрі өзекті алаңда техника ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші Бахытжан Ахметов «Формирование научной школы» тақырыбында, психология ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші Ольга Тапалова «Укрепление психического здоровья преподавателей через цифровые технологии: возможности когнитивно-поведенческой терапии в профилактике эмоционального выгорания» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші Қалбике Есенова «Ғылыми дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші Жанат Нурбекова «Традиционная мудрость «Шәкіртсіз ғалым - тұл» и искусственный интеллект: новый взгляд на преемственность в науке» тақырыбында ғылыми-танымдық баяндамаларын ұсынды.


Айта кетейік, шара модераторы зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=