![]()
11.04.2025 Abai Honors College түлектеріне сертификаттар табысталды Бүгін Ғылым апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова Abai Honors College қосымша бағдарламасын толықтай игерген түлектерге сертификаттар табыстады.
Естеріңізге сала кетсек, Абай университеті Abai Honors College жобасын 2022 жылдан бастап пилоттық режимде жүзеге асыра бастады. Бұл бағдарламаның мақсаты - студенттерге қосымша бағдарлама мен кәсіби тәжірибелер базасын ұсына отырып, Қазақстанның мамандандырылған және халықаралық мектептері үшін білікті мұғалімдерді даярлау болды.
Abai Honors College - Қазақстан жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет ұсынылған, талантты студенттерге арналған бірегей, түрлі мүмкіндіктер ұсынатын қосымша білім беру бағдарламасы. Бұл жоба аясында студенттерге кәсіби және тұлғалық өсуіне бағытталған семинар-тренингтер, өз саласындағы жетекші мамандармен кездесулер, сайыстар, басқа да түрлі форматтағы іс шаралар кеңінен жүзеге асырылды және академиялық курстар жүргізілді.
Ал шара соңында Abai Honors College жоба идеясының, авторларының бірі,
|