қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.04.2025

Абай университетінің студенттері ғылыми-зияткерлік сайыста топ жарып, бірінші орынды иеленді


2025 жылғы сәуір айында Ғылым қызметкерлері күніне орай еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасында «Ойыншылар алаңы» атты ғылыми-зияткерлік ойын өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты - жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және олардың зияткерлік әлеуетін айқындау болды.

 

Аталған сайысқа Алматы қаласы университеттерінен студенттер қатысып, өзара білімдері мен ой-өрістерін сарапқа салды. Зияткерлік ойын барысында қатысушылар ғылымның әртүрлі салаларын қамтитын күрделі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады.

 

Осы жарысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Физика-математика факультетінің 1-курс студенттері «Қазақстан тарихы» пәні оқытушысы Гаухар Отыншиеваның ғылыми жетекшілігімен қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Команда барлық кезеңдерден сәтті өтіп, өздерінің білім деңгейі мен ұйымшылдықтарын дәлелдей отырып, бірінші орын иегері атанды.

 

Бұл жетістік - жас ізденушілердің ғылыми бағыттағы табандылығы мен ұстаздарының кәсіби жетекшілігінің нәтижесі. Сонымен қатар, университет қабырғасында берілетін сапалы білім мен жүйелі дайындықтың нақты көрінісі.

 

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылым жолындағы шығармашылық табыстар мен жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз!

 

  alt=