![]()
16.04.2025 «Қазіргі білім берудегі заманауи технологиялық үрдістер» атты ғылыми-практикалық конференция Ғылым онкүндігі аясында 2025 жылдың 11 сәуірінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Калифорния Девис университетінде тағылымдамадан өтіп жатқан Абай атындағы ҚазҰПУ жас зерттеушілер кеңесінің ғалымдары Гүлнұр Байшукурова мен Жаңагүл Саметованың ұйымдастырумен «Қазіргі білім берудегі заманауи технологиялық үрдістер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: қазіргі білім беру саласындағы сандық трансформациясының өзекті үрдістерін талқылау, білім беру үдерісінде сандық технологияларды дамытудың болашақ бағыттарын анықтау, ЖОО-да лингвистикалық және әдебиеттану пәндерін оқытудың кәсіби деңгейін арттыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова, АҚШ, Түркия және Қазақстанның белгілі жоғары оқу орындарының әдіскер-ғалымдары баяндама жасады.
Спикерлердің баяндамалары жоғары ғылыми және практикалық сипатта болды, бұл қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, бастамашылар мен ұйымдастырушыларға тәжірибе алмасу және цифрландыру дәуірінде білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау алаңын құрғаны үшін алғыстарын білдірді.
|