қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2025

Абай университетінде Bugin Holding Corp өкілдерімен кездесу өтті


2025 жылдың 17 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жұмыс берушілер айлығы - 2025» шеңберінде Bugin Holding Corp компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.


Іс-шараны кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің басшысы Алмас Найманбаев ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті. Bugin Holding Corp компаниясының HR директоры Шұғыла Бурлибаева сөз сөйлеп, холдинг қызметі, негізгі бағыттары және бос жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларды жұмысқа орналасуға шақырды.


Кездесуге Bugin Holding Corp компаниясының HR директоры Шұғыла Бурлибаева, HR-Generalist (Daryn Online) - Ғазиза Мұратқызы, сату бөлімінің тимлидері - Қаракөзайым Мәлікқызы және «Мансап» орталығының мамандары қатысты.


Айта кетейік, 2025 жылдың 15 сәуірінде Абай университеті мен Bugin Holding Corp арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Алдағы уақытта тараптар тығыз әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=