«Асыл мұра» Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды
2025 жылдың 17 сәуірінде «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен өткен «Асыл мұра» Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақ және әлем әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай 1-15 сәуір аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында байқау ұйымдастырылған болатын.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушыларын Абайдың бай мұрасымен және аударма шығармаларымен таныстыру, оқуға қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Байқау нәтижесінде:
І орын - №53 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Жанғабыл Ерғұлан;
ІІ орын - №177 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Бекболат Әмина Бақтиярқызы және №108 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Бектенов Хангелді;
ІІІ орын - №200 мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Матей Муниса және Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы Жирен Үміт иеленді.
Арнайы номинация иегерлері:
«Абай үміті» - П. Вихрев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Турдиева Тахмина;
«Абай аманаты» - №210 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жәкенұлы Ербұлан;
«Абай әлемі» - №35 гимназияның 10-сынып оқушысы Житенева София.
Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлеріне Абай университеті Басқарма төрағасы - ректордың арнайы алғыс хаттары, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.







