қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2025

«Action Research - оқытушылардың кәсіби тәжірибесін өзіндік жетілдіру формасы» семинары


2025 жылдың 17 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультетінің профессор-оқытушыларына UNESCO кафедрасындағы Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығының жетекшісі, кафедра меңгерушісі, профессор-зерттеуші А.Е.Берикханова және жетекші ғылыми қызметкері Г.Х.Сәрсенбаева «Action Research - оқытушылардың кәсіби тәжірибесін өзіндік жетілдіру формасы» тақырыбында семинар өткізді.

 

Семинарға факультет деканы К.Ә.Байқұтов, деканның оқу ісі, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары М.С.Нұрке, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Қожағұлов және факультеттің профессор-оқытушылары қатысты.

 

Семинар кәсіби диалог форматында ұйымдастырылып, профессор - оқытушылардың тарапынан ізденіс, әрекет, өзгеріс қажет екендігі, нақты практикаға бағытталған, студенттердің оқу сапасын жақсартуға арналған шынайы зерттеулер керектігі аталып өтті. Семинарға қатысушылар Action Research сынды инновацияларды практикаға енгізу идеясын қолдайтындарын айтып, үлкен қызығушылық танытты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=