қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.04.2025

«Талап қыл артық білуге» психологиялық тренингі


2025 жылдың 18 сәуірінде Психологиялық қолдау қызметінің психолог-мамандары Абай Құнанбаевтың 180-жылдығына орай «Талап қыл артық білуге» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.


Психологиялық тренингтың мақсаты - білім құндылығын тану және пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы студенттердің оқуға, білімге деген ынтасын дамыту, студенттерді өзін-өзі дамытуға көмектесу, тұлғалық өсу кезеңдерін талдау және түсіну, стандартты ойлау шеңберінен шығуға, ішкі ресурстарға қол жеткізуге және өзіне жақын болуға мүмкіндік беру.


Студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысып, топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында тренинг «Қарлы доп + Қызықты факт» атты таныстыру жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде студенттердің сыни ойлауын дамытуға, топта жұмыс істеу қабілетін нығайтуға және білімге біртіндеп қадам басу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған келесі жаттығулар өткізілді: «Білім сатысы», «Жылдамдық сайысы: Шындық па, миф пе?» және «Қолтырауын» ойыны. Тренингтің қорытынды бөлімінде студенттердің алған білімін, дағдысы мен тәжірибесін ой елегінен өткізіп, бекітуге көмектесу мақсатында «Білім чемоданы» атты рефлексия жаттығуы жүргізілді.


Тренинг соңында студенттер оң пікірлерімен бөлісті, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және оларға толық жауаптар алды.


Тренингке Педагогика және психология факультетінің «Психология: практикалық психологты даярлау» мамандығы бойынша 1 курстың 20-дан астам студенттері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі