қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2025

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары республикалық ғылыми - әдістемелік конференцияға қатысты


2025 жылдың 18 сәуірінде Жамбыл облысы, Тараз қаласында ҚР Оқу - ағарту министрілігі мен балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық дамытушы ойындар мен ойыншықтар рөлі» атты республикалық ғылыми - әдістемелік конференция өткізілді.

 

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші ғалымдар, мамандар мен сарапшылар, ЖОО және колледж оқытушыларының қатысуымен өткізілген конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева «Балабақша, колледж және ЖОО арасындағы сабақтастық» тақырыбында сөз сөйлеп, сабақтастықты жүзеге асырудағы заманауи теорияларды ұлттық құндылықтармен ұштастыру мәселелерін атап өтті. Айжан Ауезова «Жасыл балабақша» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөліссе, докторант Фарида Омарбекова өзінің оқу-әдістемелік құралдарымен таныстырды.

 

  alt=  


  alt=