қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.04.2025

Оқу практикасы бойынша қорытынды конференция


2025 жылдың 21 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру (IP)» мамандығы 1 курс студенттерінің оқу практикасы бойынша қорытынды конференция өткізді. Барлық студенттер өздерінің педагогикалық тәжірибелері туралы толық есептерін ұсынды.

 

Практика мақсаты - Студенттерде мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісі және балабақшадағы педагогикалық процестің негізгі субъектісі ретінде тәрбиеші туралы тұтас түсінік қалыптастыру.

 

Конференцияны қорытындылай келе, практика жетекшілері Галия Таубаева, Алтынай Жакупова студенттерді педагогикалық практиканың сәтті аяқтауымен құттықтап, олардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығының жоғары екендігін атап өтті.

 

  alt=  


  alt=