![]()
23.04.2025 Абай университетінің студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болды 2025 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы «6B03103 - Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттері - Нұрайым Карабалина, Русиям Маликова және Нұржан Мәлік XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі III орынды жеңіп алып, дипломмен марапатталды.
|