![]()
23.04.2025 Абай университетіне Швейцариялық қонақтар келді Ғылым апталығы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына Швейцариядан қонақтар - орыс тілі оқытушысы Зильвия Янинг және Kantonsschule Wohlen гимназиясының 12-13 сынып оқушылары келді.
Бірінші кездесу бейресми түрде өтті: шай ішу, сұхбаттасу, бір-бірімен танысу және тәжірибе алмасу. Қонақтар Қазақстан, Чехия және Түркіменстан студенттерімен әңгімелесті - қос тарапты көптілділік пен өзара қызығушылық атмосферасы біріктірді.
Мұндай ұмытылмас сәттер студенттердің ынтымақтастығын біріктіріп, халықаралық достықты нығайтады.
|