«Жастықтың оты, қайдасың?» қалалық ақындар мүшәйрасы
2025 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Жастықтың оты, қайдасың?» атты қалалық ақындар мүшәйрасы өтті.
Байқаудың мақсаты - шығармашыл жастардың поэзияға деген ықылыасын арттырып, оларды шабыттандыру.
Мүшайраға ақын, ҚР Президентінің арнайы стипендиясының иегері, Түркістан және «Серпер» жастар сыйлықтарының лауреаты Бақытжан Алдияр, ҚР құрметті азаматы, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Омархан Дауытов және ақын, публицист Қуаныш Жазай қазылық етті.
Мүшайра нәтижесінде: 1-орын - Жанарыс Әскербай (100 000 тг), 2-орын - Ахан Сабыржан (75 000 тг), 3-орын - Санжар Сұлтанғазы (50 000 тг) жүлделі орындарды иемденді.
Арнайы жүлде иегерлері: «Міржақып Дулатұлы» атындағы жүлдемен - Піржан Сандыбай, «Жұбан Молдағалиев» атындағы жүлдемен - Шұғыла Ермахан, «Қадыр Мырза Әли» атындағы жүлдемен - Шәміл Несіпбай, «Тұманбай Молдағалиев» атындағы жүлдемен - Сәулет Нұршапағат, «Оразалы Досбосынов» атындағы жүлдемен - Санжар Даярбек, «Фариза Оңғарсынова» атындағы жүлдемен Шұғыла Байкенқызы марапатталды.
Бұл мүшәйра - жас ақындарға шабыт берген, есінде қалатын ерекше әдеби кеш болды.








