![]()
11.04.2025 Аударма мәселелері бойынша ғылыми жобаға қатысушылардың Астана қаласына ғылыми іс-сапары AP19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және білім беру саласы» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-нен жоба орындаушылар 2025 жылдың 6-10 сәуір аралығында, құрамында ф.ғ.д., профессор А.К. Жұмабекова (ғылыми жетекшісі), ф.ғ.к. Н.Р. Шеңгелбаева, PhD А.М. Куркимбаева, магистр А.З. Мұхитов Астана қаласына іссапармен барды.
Ғылыми жобаның орындаушылары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Тіл. Мәдениет. Аударма: цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық коммуникация» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда қазақ тіліне аударылған филология бойынша оқулықтарының аударма сапасына жүргізілген ішкі бағалау нәтижелерімен бөлісіп, сондай-ақ ғылыми және білім беру саласындағы аударма сапасын бағалауды жақсартудың оңтайлы әдіс-тәсілдерді ұсынып, осы мәселелерге қатысты баяндамалар жасады.
|