![]()
24.04.2025 Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Атадан мұра» танымдық лекция-концерті 2025 жылдың 22 сәуірінде Нұрғиса Тілендиев атындағы қазақ ұлттық консерваториясында Ербол Үсенбаевтың «Атадан мұра» атты танымдық лекция-концерті өтті. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған іс-шара көрнекті композитордың қазақ мәдениетіне, музыкасына қосқан үлкен үлесін, шығармашылығының терең мәнін және ұрпаққа қалдырған мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталған.
Осы орайда Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының бұл шараға қатысуы зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.
Концерттің шарықтау шегі - Өнер факультетінің «А-BLUES» вокалды аспапты ансамблі мен факультет студенттерінің концертке белсенді қатысып, өнерлерін ортаға салуы болды. Олар өз репертуарымен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын жаңа тұжырымда жеткізіп, тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды. Ансамбльдің жетекшісі, ҚазҰПУ докторанты Нұрлан Касимов, сондай-ақ концертті ҚазҰПУ докторанты Қанат Әмірханов жоғары деңгейде жүргізді.
|