қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2025

Абай университетінде КСРО халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы атындағы кабинет ашылды


2025 жылғы 25 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және КСРО Халық мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері Құмаш Нұрғалиұлының туғанына 100 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті. Осы атаулы дата аясында университет қабырғасында Құмаш Нұрғалиұлының есімі берілген арнайы оқу-танымдық кабинет ашылды.

 

Салтанатты рәсімге Басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушы белсенді студент жастар қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген университеттің басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп Құмаш Нұрғалиұлының елге сіңірген еңбегі мен ерекше ұстаздық жолына тоқталып, бұл кабинеттің ашылуын - ұрпақтар сабақтастығын жалғап, тарихи жадыны жаңғыртудағы маңызды қадам ретінде бағалады.

 

«Бұл - халқына адал қызмет еткен, нағыз халық мұғаліміне көрсетілген құрметтің жарқын үлгісі. Құмаш Нұрғалиұлы - осы университеттің түлегі, ал бүгін біз оны кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, оның рухани мұрасын дәріптеп отырмыз», - деді Болат Тілеп.

 

Құмаш Нұрғалиұлы - Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Халық мұғалімі атағын алғаш иеленген педагог, жас ұрпақ тәрбиесіне өмірін арнаған көрнекті тұлға. Ол майдан даласындағы ерлігімен қатар, бейбіт өмірде де еліміздің білім беру ісіне өлшеусіз үлес қосты.


Айта кетейік, ашылған арнайы кабинетте Құмаш Нұрғалиұлының өмірі мен қызметі жайлы құнды мәліметтер, архивтік материалдар мен тарихи жәдігерлер топтастырылған.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=