қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2025

Абай университетінің ректоры Оңтүстік Корея Білім министрінің орынбасарымен кездесті


2025 жылғы 28 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп Оңтүстік Кореяның Білім министрінің орынбасары О Сок Хванмен Алматы қаласында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне одан әрі интеграциялану мәселелерін талқылады.

 

Кездесу Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығына бару, «Кореяда білім беру көрмесі - Қазақстан» іс-шарасына қатысу, Алматы қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен дөңгелек үстел және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрімен кездесуді қамтыған ресми сапар аясында ұйымдастырылды.

 

Бұл кездесу Қазақстан мен Корея арасындағы білім және ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Тараптар академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жобалар бойынша бірлескен жұмысты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

 

  alt=  


  alt=