қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Пуатье университеті өкілдерінің кездесуі


2025 жылдың 28 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Франциядағы Пуатье университетінің делегациясымен ресми кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты - білім беру және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын талқылау болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ атынан іс-шараға Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сабитова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева және Педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева қатысты.

 

Кездесу барысында тараптар студенттердің, магистранттар мен докторанттардың академиялық мобильділігі мәселелерін және бірлескен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру тетіктерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, экология, биология, химия және тұрақты даму сияқты маңызды салалардағы бірлескен ғылыми жобаларды жоспарлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Театр өнерін дамыту және инклюзивті білім беру бастамаларын қолдау бағытындағы ынтымақтастық перспективалары да қарастырылды.

 

Кездесу нәтижесінде тараптар әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға және халықаралық ғылыми қауымдастықты дамытуға бағытталған академиялық алмасуларды, бірлескен зерттеулер мен білім беру бастамаларын кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екендерін білдірді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=