қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2025

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығана арналған «Саз әлемнің сардары» атты әдеби – сазды кеш – концерті


2025 жылдың 24 сәуірінде көрнекті композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Саз әлемінің сардары» атты әдеби-сазды кеш-концерті өтті.


Іс-шараның басты мақсаты - ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан сазгердің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа өнеге етіп, қазақ музыка өнерінің алтын қорын ұлықтау.


Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларынан әндер мен күйлер орындалды, студенттер мен оқытушы - ғалымдар және ақын, жазушылар сазгер туралы әдеби композициялар мен естеліктер ұсынды. Шараның спикерлері - Шатырха Сарыбайұлы және Самат Мәлімбай болды.


Кеш қазақ музыкасының көркемдік әлеміне терең бойлатқан, өнер мен руханияттың биік тұғырындағы сазгердің мәңгілік мұрасына тағзым білдірген тағылымды шара ретінде есте қалды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=