қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2025

«Қазақ сөз синтезінің орфоэпиялық негіздері» дөңгелек үстелі


2025 жылдың 29 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында қазақ тілінің орпоэпиясы мен орфографиясы саласындағы ғылыми еңбектерімен тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан ғалым Қанапия Неталиеваның 100 жылдығына арналған «Қазақ сөз синтезінің орфоэпиялық негіздері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Зейнеп Базарбаева, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері Жанар Жұмабаева, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бектұрсын Қалиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ләззат Еспекова қатысып, баяндама жасады.

 

Іс-шара барысында өмір жолы еңбек пен табандылықтың, білім мен ізденістің жарқын үлгісі болған ғалым Қанапия Неталиеваның тағылымды ғұмырынан үзінді бейнеролик көрсетілді.

 

Кештің басты қонағы - Қанапия Неталиеваның ұлы Асқар Мұхаметқалиев болды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=