![]()
16.04.2025 «Алтын сақа» және «Жастар серпіні» студенттік апталығы аясында Ректор кубогы Жайдарман ойыны өтті 2025 жылдың 15 сәуірінде Жастар ісі жөніндегі бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, «Алтын сақа» және «Жастар серпіні» студенттік апталығы аясында Ректор кубогы Жайдарман ойыны өтті.
«Алтын сақа» және «Жастар серпіні» апталығы - студенттердің шығармашылық әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттырып, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін шара.
Ректор кубогы - жүйелі әзіл мен қағытпа қалжың, Абай оқулары, қара сөздері мен студенттік өмірдің қызықтарын қамтыды.
Ойын нәтижесінде: І орын- «Атлант CU», ІІ орын- «Олигарх», ІІІ- «ҚазҰПУ» командалары жүлделі орындаға ие болды.
Ал «Сакура» командасы «Үздік әзіл» номинациясымен марапатталса, «Үздік ойыншы» номинациясын Олжас Алдашұлы иеленді.
«Жастар ісі жөніндегі бөлім»
|