қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2025

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы: диалог, профилактика, қорғау» форумы


2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы: диалог, профилактика, қорғау» тақырыбында форум ұйымдастырылды.


Іс-шараға Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, Алматы қаласы Полиция Департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, Алматы қаласының Бала құқытары жөніндегі уәкіл Диана Ерланқызы және жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Форумның мақсаты - отбасылық құндылықтарды сақтау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, тиімді шаралар қабылдау болды. Іс-шара барысында қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселелері, оның салдары мен психологиялық әсерлері талқыланды.


Шараның ашылу салтанатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп оқу орнының зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.


«Біз білім мен тәрбиені қатар дамыту арқылы болашақ ұрпақтың санасында зорлық-зомбылыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыруды көздейміз. Университет қабырғасында тәрбиеленген әрбір жас өз отбасында, өз ортасында зорлықты емес, сыйластық пен түсіністікті орнықтыратын тұлға болуы тиіс», - деді ректор өз сөзінде.


Сонымен қатар форум аясында отбасылық мәдениетті нығайту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зорлық-зомбылықтың салдарын азайту мәселелері кеңінен талқыланды. Тыңдаушылар қатарында осы салада есепте тұрған азаматтар, университет студенттері мен сарапшылар болды.


Бұл орайда, Абай университеті әлеуметтік жауапкершілік аясында жүйелі түрде түрлі семинарлар, тренингтер, құқықтық кеңес беру қызметтері мен ақпараттық іс-шараларды өткізсе, Психологиялық қолдау қызметі студенттер мен қызметкерлерге көмек көрсетіп келеді. 


Айта кетейік, аталған форумның өтуіне мұрындық болған - Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментіне қарасты Психологиялық қолдау қызметі.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=