қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.04.2025

Кәсіби бағдар-табысты болашақтың кепілі

 

2025 жылдың 29 сәуірінде Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары - философия ғылымдарының кандидаты, доцент Әміржан Бухаев және саяси ғылымдар кандидаты, доцент Тимур Дауылбаев Алматы қаласы Бостандық ауданы No81 ҚМУ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларымен және мұғалімдерімен ресми кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында түлектерге мамандықты дұрыс таңдау бойынша кеңестер мен ұсыныстар беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар ұстаздық мамандықтардың маңыздылығы мен білім беру саласындағы заманауи үрдістер жан-жақты талқыланды.

 

Қатысушыларға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы туралы презентация көрсетіліп, университет сайты және 2025 жылға талапкерлерді қабылдау ережелері туралы ақпарат берілді.

 

Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұл кездесу мектеп түлектерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етудегі маңызды қадам болды.

 

  alt=