![]()
30.04.2025 Батырлар рухына тағзым 2025 жылдың 30 сәуірінде Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің шақырумен Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Ұлы Жеңіс - батырлар рухына тағзым (Вклад Казахстана в Великую Победу)» атты салтанатты іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің 1 курс студенттері («6В01602 - тарих-дінтану» мамандығы) және профессор-зерттеуші Теңлік Далаева қатысып қайтты.
Аталмыш іс-шара аясында «Документальные свидетельства героизма казахстанцев в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.)» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті.
|