қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.05.2025

«Табиғаттың ғажайып әлемі» тақырыбындағы сурет байқауы


2025 жылы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту және көркем өнер арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғаттың ғажайып әлемі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.


Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын - Садритдинова Гузаль - 100 000 тг.
2 орын - Егемберді Сымбат - 80 000 тг.
2 орын - Нұрбол Ақжан - 80 000 тг.
3 орын - Куренова Аружан - 50 000 тг.
3 орын - Пивнева Надежда - 50 000 тг.

 

Сондай-ақ байқау аясында бірқатар номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталды:
«Үздік талпыныс»-Боданова Айым - 25 000 тг.
«Үкілі үміт»-Галлямова Дарья - 25 000 тг.


Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырумен қатар, табиғатты қорғауға үндейтін тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды.


Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлеріне Абай университеті Басқарма төрағасы - ректордың арнайы алғыс хаттары, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=