![]()
05.05.2025 XVII Республикалық пәндік олимпиада: Абай университеті студенттері жүлделі І орынды иеленді 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Экология» білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - студенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіби дайындығының деңгейін арттыру, олардың ғылыми әлеуетін дамыту, экологиялық мәселелерді шешуге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру және ғылыми-зерттеу мен өндірістік қызметке бейім талантты жастарды қолдау.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Тұрдалы Н., Құрманали А., Ажигулова Д. (ғылыми жетекшісі PhD, аға оқытушы Райымбекова И.К.) Қазақстан бойынша 25 студенттік командалар арасында жүлделі І орынды иеленді.
Құттықтаймыз!
|