қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2025

«SENIM-KAZNPU.KZ»: Психологиялық қолдау қызметінің платформасы жайлы жатақхана студенттерімен кездесу өтті


Абай университетінің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментіне қарасты Психологиялық қолдау қызметінің жаңа https://senim-kaznpu.kz онлайн платформасы өз жұмысын белсенді жалғастыруда.

 

Платформаның басты мақсаты - білім ордасында психологиялық мәдениетті арттыру, студенттердің психологиялық ахуалын цифрлық құралдар арқылы бақылау, сапалы, жүйелі және жедел психологиялық қолдау көрсету.

 

2025 жылдың сәуір айының 28 мен 2 мамыр аралығында Психологиялық қолдау қызметінің мамандары Senim-KazNPU.kz психологиялық платформасының жұмысын таныстыру мақсатында №1, 2, 3, 5, 8 жатақхана студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге жалпы саны 100-ге жуық студент қатысты.

 

Кездесудің мақсаты - студенттерді платформаның мүмкіндіктері, психологиялық көмек алу жолдары және жеке психологиялық әл-ауқатты сақтау маңыздылығы туралы ақпараттандыру болды.

 

Кездесу барысында Senim-KazNPU.kz платформасының негізгі функциялары, тіркелу және психологты таңдау жолдары түсіндіріліп, қызметтердің құпиялылық қағидаттары егжей-тегжейлі баяндалды. Сонымен қатар, стресске төзімділікті арттыру, мазасыздықты басқару және эмоционалды өзін-өзі реттеу дағдыларына қатысты пайдалы кеңестер берілді. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, платформаға тіркелу алгоритмі мен жеке консультация алудың жолдары бойынша ақпаратты нақты түсініп шықты.

 

Психологиялық қолдау қызметі барлық студенттерді платформаға тіркеліп, кәсіби мамандардан дер кезінде көмек алуға шақырады. Жеке психологиялық денсаулық - табысты оқудың және толыққанды өмірдің негізі!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі