![]()
05.05.2025 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова Абай университетіне келді 2025 жылдың 2 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова ресми іссапармен келді.
Депутат өзінің іскерлік сапарында болашақ педагог мамандарын даярлау, оларды жұмыспен қамту, өңірлердің кадрлық сұраныстары және университет мүмкіндіктері, денсаулығына байланысты мұқтаж жандарға инклюзиялық бағыттағы білім бағдарламаларының қарқыны жайында мәселелерді қарастырды.
Екатерина Смоляковамен кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп жұмыс берушілердің талабына сай әрі еңбек нарығындағы бәсекелестікті қамтуда сапалы кадрлардың дайындалып жатқанын, осыған орай әрбір түлектің міндетті түрде жұмыспен қамтылатыны туралы сөз қозғап, республика көлемінде орта білім беруші мектептермен түрлі келісімдер мен бағдарламалық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын айтты.
|