қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2025

Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер


2025 жылдың 30 сәуірінде Филология факультеті шетел тілдері кафедрасында болашақ университет түлектерін кәсіби қолдауға байланысты ұйымдастырылатын «Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» атты республикалық әдістемелік десант жұмысы өткізілді.

 

Десант жұмысының мақсаты - ынтымақтастық меморандумы аясында болашақ педагогті әдістемелік қолдауға бағытталған педагогикалық амалдар және озық тәжірибелер бойынша білім алушылардың педагог-әдіскерлермен, шебер-ұстаздармен пікір алмасу алаңын жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау тұрғысынан тәжірибе алмасу болатын, мақсат өз мәресіне жетті.

 

Осы мақсатқа жету үшін десант жұмысын ашып берген Филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы А.В.Танжарикова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша КДИ директоры Қ.К.Нұрлыбаев, кафедра меңгерушісі, PhD доктор С.К.Иватов және қауымдастырылған профессоры м.а., ф.ғ.к. Г.Р.Нурекешовалар қоғамдағы педагогтің қызметінің ерекшелігін атап өтіп, болашақ мамандарға ұстаздық қызметте қажет болатын бағыт-бағдарлармен бөлісті.

 

Іс-шара барысында Алматы облысы мектептерінен арнайы келген білікті ұстаздар «6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының бітіруші түлектеріне өз тәжірибелерінен нақты үзінділер келтіріп, ағылшын тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін уоркшоп, мастер класс, әдістемелік тренингтер арқылы жұмыс жүргізіп, студенттермен тығыз байланыс орнатты.

 

Ынтымақтастық меморандумы аясында болашақ университет түлектерін кәсіби қолдауға байланысты ұйымдастырылған республикалық әдістемелік десант жұмысы соңында белсене атсалысқан студенттер мен оқытушылар арнайы Құрмет грамоталары және сертификаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=