қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2025

«Қазіргі шетел әдебиеттануының өзекті мәселелері» семинарлар сериясы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазіргі шетел әдебиеттануының өзекті мәселелері» тақырыбында семинарлар сериясы ұйымдастырылды.  Семинарды Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырды. Семинарға Абай университетінің профессор-оқытушылары, магистранттар, студенттер, Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысты. 

 

Семинардың мақсаты - қазіргі шетел әдебиеттануындағы ғылыми бағыттар мен инновациялық әдістерді таныстыру, футуризм, цифрлық педагогика, салыстырмалы әдебиеттану және заманауи оқыту тәжірибесін талқылау арқылы қатысушылардың зерттеу әлеуетін арттыру. Міндеттері - шетелдік және отандық мамандармен тәжірибе алмасу; футуризм бағытының әдебиеттегі тарихи және көркемдік рөлін ашу; Абай мен Шекспир шығармашылығын салыстырмалы тұрғыда зерттеу; цифрлық технологияларды ерте оқытуда қолдану тәсілдерін көрсету; шетел тілін оқытуда деңгейлік және заманауи әдістердің тиімділігін көрсету.

 

Негізгі баяндамалар сипаттамасы:

1. «Әдебиеттегі Футуризм» - доктор Нагихан Халилоглы (Түркия),

2. «Digital tools for Early Literacy and Numeracy Development» - доктор Сию Си (ҚазҰУ),

3. «История Футуризма» және «Футурист-инструменты» - Ешимбетова З. Б. (ҚазҰПУ),

4. «Study of Abai Kunanbayev and William Shakespeare» - Нурбекова Г. (ҚазҰПУ),

5. «Лидер будущего...» - доктор Шолпан Примбетова (ҚазҰУ),

6. «Emily Dickinson шығармашылығы» және деңгейлік оқыту - Есимкулова С. (ҚазҰПУ).

 

Семинарлар сериясы - ғылыми ой алмасудың, халықаралық тәжірибе таныстырудың және шетел әдебиетін оқыту мен зерттеудегі өзекті тақырыптарды талқылаудың тиімді алаңы болды. Іс-шара университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, кәсіби қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=