Абай университетінің профессор-оқытушылары Болгарияда өткен халықаралық конференцияға қатысты
2025 жылдың 24-25 сәуірі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы Болгарияның Русе қаласында Ангел Кънчев атындағы Русе университетінде өткен «DIGITAL TRANSFORMATION OF EDUCATION - ISSUES AND SOLUTIONS» атты үшінші ұлттық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында профессор А.Е. Сағымбаеваның жетекшілігімен AP23490592 «Генеративті жасанды интеллект технологиясының программалаудан ЖОО студенттерінің білімін бақылау әдістемесіне әсерін зерттеу» тақырыбында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
Профессор А.Е. Сагимбаева, профессор Ж.К. Нурбекова, аға оқытушы А.Е. Жаксылыков және оқытушы Н.Е. Артықбаев конференцияда «Контроль знаний по программированию в эпоху GenAI: исследования, вызовы и методология» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада GenAI программалау білімін бақылауды жылдамдатып, тапсырмаларды автоматтандыратыны, кері байланыс арқылы оқыту тиімділігін арттыратыны айтылды. Сонымен қатар, GenAI студенттердің алгоритмдік ойлауын төмендету қаупі бар екендігі сөз болды.
Авторлардың «Контроль знаний по программированию в эпоху GenAI: исследования, вызовы и методология» тақырыбында жасаған баяндамалары үздік баяндамалардың бірі деп танылып, мақтау қағазы мен хрусталь марапат тапсырылды.
Профессор Ж. Нурбекованың «Някои впечатления и тенденции от bett ExCeL London 2025» атты тақырыпта жасалған баяндамасы үшін мақтау қағазы мен хрусталь марапат тапсырылды.
Сонымен қатар Абай университетінің профессор-зерттеушісі Ж. Нурбекованың «Digital transformation of education - issues and solutions» үшінші ұлттық ғылыми-практикалық конференциясының программалық комитетінің құрамында болуы оның білім беруді цифрландыру саласындағы терең білімі мен зор тәжірибесінің айқын дәлелі.
Аталмыш зерттеудің жүзеге асуына қолдау көрсеткен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысымызды білдіреміз.


