қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2025

«Abai university» газетінің бас редакторы «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды

 

2025 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен «Abai university» газетінің бас редакторы, ақын, әдебиет сыншысы Болат Шарахымбай халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды. Ол бұл беделді марапатқа «Қайшылықтар дилеммасы» атты кітабы үшін ие болды.


Бүгін, 2025 жылдың 5 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп аталмыш марапат иесін жеке қабылдап, өз құттықтауын білдірді.


Болат Шарахымбай 1960 жылы Түркістан облысы Қазығұр ауданы Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі. «Рухтың оралуы», «Қазығұрт ғазалдары», «Сұңқартас пен ақынтас», «Ауылға жазған арзулар», «Кісікиік», «Рух дауылы» сияқты оншақты кітаптың авторы.

 

Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді. Аң алғашқы сыйлықты белгілі жазушылар Халифа Алтай мен Софы Сматаев бастаған бірнеше қаламгер алған. Бұған дейін халықаралық Жамбыл атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты атанған университет қызметкері, бас редактор, ақын Болат Шарахымбайдың бұл мәртебелі әдеби марапаты бүкіл университет үшін зор қуаныш.


Әдебиет әлемінде өз қолтаңбасы бар ақын, әдебиетші Болат Шарахымбайды шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=