Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында шетелдік оқытушылардың қатысумен республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындарының филология институттары мен факультеттерінің оқытушы-әдіскерлері, сондай-ақ Қазақстанның қалалық және аудандық мектептерінің мұғалімдері (педагог-шеберлер және педагог-зерттеушілер) қатысты.
Семинар аясында үш секция өтті, олардың әрқайсысы орыс тілі мен әдебиетін оқытудың маңызды аспектілерін қамтыды.
Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша бірінші секцияда оқу сауаттылығын дамыту, мәнерлеп оқу, мәтінді зерттеудің тиімді әдістері және көркем әдебиеттің тәрбиелік әсер ету принциптері сияқты тақырыптарды қозғаған 5 баяндама тыңдалып, талқыланды. Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы авторлық әзірлемелер бойынша екінші секцияда (тәжірибе мен практика) спикерлер заманауи білім беру үрдістері мен әдістемелік тәсілдерді көрсете отырып, өздерінің педагогикалық зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Оқушылардың функционалдық және оқу сауаттылығы, сыни ойлау сияқты негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялар мен технологиялар мәселелері жөніндегі үшінші секцияда баяндамашылар орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында көрнекі құралдарды, интерактивті ойындарды, нейрожелілерді және жобалық оқытуды қолдануды талқылады.
Семинар жемісті өтті, қатысушылар осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесін жалғастыруға ниет білдірді.


