қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.05.2025

Абай университетінің оқытушылары Литваға ғылыми іссапармен барды


2025 жылдың 1 мамыры мен 6 мамыры аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім беру және хореография кафедрасының оқытушылары, ЖТН АР23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасының мүшелері Лаура Какимова мен Светлана Балагазова ғылыми іссапармен Литва мемлекетіне барып қайтты.  Vilnius University Šiauli en akademija / Siauliai Academy-ге prof директорының қолымен шақыру бағдарламасы Dr. Renata Bilbokate оларға Литвадағы оқу ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.


Вильнюс университетінің Шяуляй академиясы Шяуляй қаласында орналасқан. Ол екі ірі жоғары оқу орындарының бірігуі нәтижесінде құрылған, ал әкімшілік корпусы Вильнюс қаласында.


Іссапардың мақсаты - тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін ғылыми алаң ұйымдастыру, сондай-ақ Вильнюс университетінің Шяуляй академиясының оқу орындары мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Екі жоғары оқу орнын музыкалық білім беру бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы біріктірді. Халықаралық бөлімнің өкілі, Beatrice Poskuviene халықаралық зерттеулер үйлестірушісі, Вильнюс университетінің Шяуляй академиясының prof Prof.Dr. Asta Vaitkevičienė, Эдукология институтының директоры Prof.Dr. Daiva Malinauškenė және басқа ғалымдарымен кездесу екі елдің Литва мен Қазақстанның білім беру бағдарламаларының барлық ерекшеліктерін ескере отырып, болашақта қос дипломды бағдарламаны қайта бастау жоспарларын белгілеуге мүмкіндік берді.


Іссапар барысында Вильнюс университеті Шяуляй академиясының басшылығымен дөңгелек үстел өткізілді. Онда Вильнюс университетінің Шяуляй академиясы университетінің ұжымымен педагогикалық, ғылыми және шығармашылық тәжірибе алмасу, Erasmus ғылыми жобалары мен халықаралық бағдарламаларына қатысу, студенттер мен магистранттарды ұлттық мәдениеттің менталитетін сақтау үшін өнер арқылы мәдени жадыны бейімдеу және т.б. тәжірибелерімен алмасу мақсатында ғылыми жоба талқыланды. Лаура Какимова мен Светлана Балагазова Вильнюс университетінің Шяуляй академиясы ғалымдарының педагогикалық қауымдастығымен магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды бағдарлама жобасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Олар Вильнюс университеті Шяуляй академиясының ғылыми кітапханаларына, кампустарына, аудиторияларына барды.


Іссапар соңында қос оқытушыға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Regina Karveliene қол қойған Вильнюс университеті Шяуляй академиясының сертификаты табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=