«Жеңіс батырлары» тәрбиелік іс-шарасы
2025 жылдың 8 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01303-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс батырлары» тақырыбында тәрбиелік іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты - білім алушылардың бойында Отанына деген патриоттық, оның батырлық өткеніне деген мақтаныш сезімін ояту, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды құрметтеуді насихаттау, Республикамыздың ұлылығы мен өркендеуі жолында еңбек етуге бейімдеу.
Студенттер мен қонақтар соғыс уақытының атмосферасын сезініп, 1941-1945 жылдардағы оқиғалар туралы білімдерін кеңейтіп, Отанымыздың тарихи өткенін зерделеуге деген қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, «Жауынгерлік даңқ» мұражайын аралады.
Деканат өкілдері бастауыш білім беру кафедрасына және студенттерге алғыстарын білдірді. Студенттер естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар: м.п.н., аға оқытушылар Мариям Бекбаева, Динара Самбет.


