Абай атындағы ҚазҰПУ Қытай ЖОО-мен ынтымақтастық жасасты
2025 жылғы 12-13 мамырда Қытайдың Үрімші қаласында Қытай Білім министрлігі мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының халық үкіметі ұйымдастырған Қытай мен Орталық Азия арасындағы «Өнеркәсіп-университет-ғылым-қолдану» форматындағы ынтымақтастық жөніндегі конференция өтуде.
Гонконг педагогикалық университеті мен Шыңжаң педагогикалық университеті «Жібек Жолы» аясындағы білім беру ынтымақтастығына және Шыңжаңдағы қытай тілін халықаралық оқытуға бағытталған осы беделді конференция аясында тақырыптық кіші форумдар да ұйымдастырылуда.
Бұл кіші форум білім беру өзара іс - қимылын тереңдетуге, орнықты институционалдық әріптестіктерді дамытуға және «Бір белдеу-бір жол» бастамасын іске асыруға жәрдемдесуге арналған мамандандырылған платформа болып табылады.
Форум білім беру ынтымақтастығының инновациялық жолдарын зерттеу үшін саланың көрнекті басшыларын, ғалымдары мен сарапшыларын біріктірді.
Форумға Абай атындағы ҚазҰПУ атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бану Нарбекова, білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің басшысы Нұржамал Ошанова, қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Гүлия Алиханқызы қатысуда.
Форум аясында Абай атындағы ҚазҰПУ, Шыңжаң педагогикалық университеті, Гонконг білім беру университеті,, Пекин педагогикалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

