Абай университетінің проректоры Синьцзянь педагогикалық университетінде (Қытай) баяндама оқыды
2025 жылдың 13 мамырында Синьцзянь педагогикалық университетінде (Қытай) «Бір белдеу - бір жол» жобасы аясындағы халықаралық білім беру ынтымақтастығы бойынша өткізіліп жатқан семинар барысында университеттер өзара Меморандум жасасып, келісімге қол қойды.
Семинардың пленарлық сессиясында Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі прректор Бану Нарбекова «Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім: трендтер мен мәселелер» тақырыбында баяндама оқыды.
Бану Нарбекова өз баяндамасында Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы негізгі трендтер мен өзекті мәселелер, халықаралық ынтымақтастық стратегиялары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ жаһандық әріптестікті нығайту, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру, оқу бағдарламаларын үйлестіру арқылы қос дипломды бағдарламалар траекториясын құру бастамаларына назар аударылды.
Семинар барысында «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясындағы жоғары білім беруді сапалы дамыту мүмкіндіктері мен қиындықтары, өңірлік ынтымақтастық, ресурстарды біріктіру мәселелері қарастырылды.
Синьцзянь педагогикалық университеті және Гонконг білім университетінің ректорлары атынан Бану Нарбекова арнай алғыс хатпен марапатталды.


