![]()
14.05.2025 Абай университеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен Меморандум орнатты 2025 жылдың 13 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.
Меморандумның мақсаты - шетел азаматтарына қатысты апаттық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуде практикалық көмек көрсету, басқа мемлекеттердің құтқару құрылымдарымен өзара байланыс орнату саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Алматы қаласы аумағында түрлі төтенше жағдайларды алдын алудың заманауи ғылыми-зерттеу жүйелерін енгізуге арналған жобаларды студенттер арасында дәріптеу, сондай-ақ тараптар арасындағы өзара түсіністікті нығайту.
Меморандумға Абай атындағы ҚазҰПУ әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақау және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қол қойды.
Тараптар студенттік еріктілікті дамытуға, төтенше жағдайлар орын алған мезетте алғашқы көмек көрсетуді, қоғамдық ортада азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті нығайтуға өзара сенім және стратегиялық әріптестік қағидаттарын жүзеге асыруға келісті.
|