қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2025

Академиялық мәтін жазу әдістемесіне арналған шеберлік сабағы өткізілді


2025 жылғы 14 мамырда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» атты әдістемелік нұсқаулықтың ресми таныстырылымы өтті. Іс-шараны «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ пен Абай атындағы ҚазҰПУ бірлесе ұйымдастырды.

 

Шараның басты мақсаты - академиялық мәтін жазу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл құралды ғылыми ортаға кеңінен таныстырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау . Шараны университеттің аппарат басшысы Жанатбек Ішпекбаев ашып, нұсқаулықтың өзектілігі мен маңызын атап өтті.

 

Іс-шара барысында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-ның басқарма төрағасы Нұрбек Матжани сөз сөйлеп, нұсқаулықтың мазмұнына, оның білім және ғылым саласына қосар үлесіне жан-жақты тоқталды.

 

Шара соңында кітап авторларының бірі, тәжірибелі маман Назгүл Қожабек шеберлік сағатын өткізіп, қатысушыларға академиялық мәтін жазудың өзекті мәселелері, құрылымдық ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдері жөнінде тәжірибелік тұрғыдан пайдалы ақпарат ұсынды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=