қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2025

Aбай университетінің өкілдері ETEN - 2025 конференциясында


2025 жылдың 7-9 мамыры аралығында Бельгияның Хасселт қаласындағы PXL қолданбалы ғылымдар және өнер университетінде жыл сайынғы ETEN (European Teacher Education Network) конференциясы өтті. Конференцияға Еуропа, Азия және басқа да елдердің 70-тен астам университеттері қатысты.


Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінен конференцияға педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ECO ETEN мүшесі Улжаркын Абдигапбарова, психология ғылымдарының докторы, профессор Надежда Жиенбаева және PhD доктор Динара Садирбекова қатысып «Designing a Hybrid Educational Learning Environment for Students: Scientific and Methodological Recommendations» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндама AР19680443 «Қазіргі заманғы жоғары оқу орнының білім беру ортасын гибридті модельдеу» ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында дайындалған және Science, Technology and Mathematics in the Digital Era атты секцияда талқыланды.


Ұсынылған баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, әртүрлі елдердегі жоғары оқу орындарында гибридті оқыту әдістерін енгізу деңгейі бойынша мазмұнды пікірталас өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=