қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2025

ҚазҰПУ өкілі Қытай-Орталық Азия конференциясында баяндама жасады


2025 жылғы 14 мамырда Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Үрімжі қаласында өтіп жатқан «Өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және қолдану» тақырыбындағы Қытай - Орталық Азия ынтымақтастық конференциясы аясында халықаралық семинар ұйымдастырылды. Аталған семинар халықаралық қытай тілі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Семинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлия Алиханқызы қатысып, баяндама жасады. Гүлия Алиханқызы өз сөзінде Қазақстандағы қытай тіліне деген сұраныс, жоғары білім беру саласындағы бағыттар мен Абай атындағы ҚазҰПУ қытай тілі кафедрасының жетістіктері мен болашағы туралы баяндады.

 

Аталған конференция Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени және академиялық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде танылды.

 

  alt=  


 

  alt=