қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2025

Информатикадан ашық сабақ: Python тілінде бірөлшемді массивтермен жұмыс


2025 жылдың 14 мамырында Foundation факультетінің Тілдік және ҰБТ/ТКТ-ге дайындық бөлімінің тыңдаушылары үшін «Информатика» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақты оқытушы Есіркеп Сәния жүргізді.

 

Сабақтың тақырыбы - «Бірөлшемді массивтермен жұмыс». Мақсаты - тыңдаушыларды массив ұғымымен таныстыру және Python программалау тілінде массивтермен жұмыс істеуді үйрету.

 

Сабақ барысында тыңдаушылар интерактивті цифрлық платформаларды (Kahoot, Bamboozle, Flippity, Canva, LearningApps, Classroomscreen) қолдана отырып, бірөлшемді массивтердің құрылымы мен функцияларын меңгерді. Сонымен қатар, ҰБТ-да кездесетін массивтерге байланысты тапсырмаларды орындау арқылы практикалық дағдыларын жетілдірді.

 

Бұл ашық сабақ тыңдаушылардың алгоритмдік ойлау, логикалық талдау және цифрлық сауаттылық қабілеттерін арттыруға бағытталды.

 

  alt=  


  alt=