қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2025

Сорбонна-Қазақстан институтының үздік студенттері «Freedom Шапағат» қорының шәкіртақысына ие болды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Сорбонна-Қазақстан институтының жоғары академиялық жетістікке жеткен бес студенті 2024-2025 оқу жылы бойы «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының шәкіртақысын иеленді. Шәкіртақы иегерлері ай сайын 50 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болып отыр.


Аталған шәкіртақы академиялық үлгерімі жоғары, азаматтық белсенділік танытып, кәсіби дамуға ұмтылған студенттерге тағайындалды. Мұндай қолдау студенттердің әлеуетін ашып, білім алу процесіне толыққанды көңіл бөлуге мүмкіндік туғызады.


«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры - Қазақстанда білім беру бастамаларын тұрақты түрде қолдап келе жатқан әлеуметтік жауапты ұйым. Қор көптеген жылдар бойы жастарға арналған түрлі жобаларды жүзеге асырып, қоғамдағы оң өзгерістерге үлес қосуда.


Бүгінгі таңда талантты жастарға қолдау көрсету - стратегиялық маңызы бар міндет. Студенттерге берілген бұл шәкіртақылар олардың тек оқу жетістіктерін арттырып қана қоймай, сонымен қатар еліміздің ғылыми, зияткерлік және әлеуметтік дамуына қосар үлесін нығайта түседі.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атынан «Freedom Шапағат» қорына жастарды қолдауға бағытталған игі бастамасы үшін алғыс білдіреміз! Мұндай әлеуметтік жобалар өскелең ұрпақты жігерлендіріп, білім мен ғылым жолында сенімді қадам жасауына сеп болары сөзсіз.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=